Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда қаласына жаңа әкім тағайындалды

Жарияланған күні:

Нұржан Ахатов. Фото
Нұржан Ахатов. Фото: gov.kz

Қызылорданың әкімі тағы ауысты. Бүгін қала басшысы қызметіне Нұржан Ахатов тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Нұржан Сәбитұлы Ахатов Қызылорда қаласының әкімі болып тағайындалды", - делінген облыс әкімдігінің Facebook парақшасында.

Облыс әкімдігінің сайтында хабарланған мәліметке сәйкес, Ахатов Нұржан Сәбитұлы 1978 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданында туған. Жоғары білімді. 1999 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін "Экономист-бухгалтер" мамандығы бойынша, 2006 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін "Юриспруденция" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы Қызылорда облысының статистика жөніндегі есептеу орталығының жабдықтаушы маманы қызметінен бастаған.

2001-2008 жылдары Шиелі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы, аудан әкімінің кеңесшісі, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің меңгерушісі, аудан әкімінің орынбасары, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бастығы;

2008-2009 жылдары облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, облыстық кәсіпкерлік мемлекеттік басқармасы бастығының орынбасары;

2009-2015 жылдары Шиелі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы, Шиелі ауданы әкімі аппаратының жетекшісі, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының жетекшісі, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары;

2015-2017 жылдары "Байқоңыр "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары;

2017-2021 жылдары "Қызылорда" автобус паркі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры,

2021-2022 жылдары Сырдария ауданы әкімі аппаратының басшысы;

2022 жылдың сәуір айынан бастап «Байқоңыр» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының Басқарма Төрғасы қызметтерін атқарған.

2022 жылдың 15 шілдесінде Шиелі ауданының әкімі болып тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2143354-qyzylordada-zhanga-akim-tagaiyndaldy/