Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Жарияланған күні:

Жолдас Батырхан
Жолдас Батырхан. Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Ақтөбе облысы әкімінің өкімімен Жолдас Батырхан облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы әкімдік Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Жолдас Батырхан Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
  • Облыс әкімі Жолдас Батырханды білікті әрі тәжірибелі маман ретінде сипаттап, оның жаңа қызметте ішкі саясат, мемлекеттік тіл, жастар саясаты, дін, мәдениет, білім және спорт мәселелеріне жетекшілік ететінін айтты.
  • Жолдас Батырхан бұрын Темір ауданы әкімінің орынбасары, Ақтөбе облысының дін істері басқармасының басшысы, Темір ауданының әкімі және Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

"Жолдас Нұрланұлы Батырхан – мемлекеттік қызметте жемісті еңбек етіп келе жатқан білікті әрі тәжірибелі маман. Ақтөбе өңірінде бірқатар жыл еңбек етті. Аудан әкімі, білім басқармасының басшысы, одан кейін Оқу-ағарту министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

Өзіне жүктелген міндетті орындап, абыройлы жұмыс істеді деп ойлаймын. Жаңа қызметте ол ішкі саясат, мемлекеттік тіл және жастар саясаты, дін, мәдениет, білім және спорт мәселелеріне жетекшілік етеді. Білікті кадр ретінде өз жұмысын кәсіби деңгейде атқарады деп сенемін", - деді облыс басшысы.

Жолдас Батырхан 1978 жылы дүниеге келген. 1998 жылы Ақтөбе педагогикалық институтын, 2019 жылы Қазақ-Орыс Халықаралық  университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1998 жылы Темір ауданының Сартоғай негізгі мектебінде бастады.

Әр жылдары Темір ауданының №6 Шұбарқұдық негізгі орта мектебінің директоры, Темір ауданының Тасқопа ауылдық округінің, Шұбарши кенттік округінің әкімі, Темір аудандық білім бөлімінің бастығы, Темір аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы болып қызмет еткен.

2015-2022 жылдары Темір ауданы әкімінің орынбасары, Ақтөбе облысының дін істері басқармасының басшысы, Темір ауданының әкімі, Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы болды. 2023 жылдың қаңтар айынан бастап Оқу-ағарту министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарып келді.

"Сіз білдірген сенім үдесінен шығып, осы уақытқа дейін білім мен мен тәжірибені туып өскен өңірдің дамуына жұмсауға барымды саламын", - деп жаңа облыс әкімінің орынбасары уәде берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2145706-aqtobe-oblysy-akimining-orynbasary-bolyp-tagaiyndaldy/