Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақорда" резиденциясында Тоқаев Өзбекстан президентін салтанатты түрде қарсы алды (фото)

Жарияланған күні:

Ақорда
Ақорда. Фото: t.me/aqorda_resmi

"Ақорда" резиденциясында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевті салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы президенттерге рапорт беріп, екі мемлекеттің әнұрандары шырқалды.

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.

Айта кетейік, 7 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевті елорда әуежайында қарсы алды.

Сонымен қатар бұған дейін Тоқаев Өзбекстан президентінің қызы әрі көмекшісі Саида Мирзиееваны қабылдаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2146237-aqordada-ozbekstan-prezidenti-shavkat-mirzieevti-saltanatty-turde-qarsy-alu-rasimi-otti/