jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Тоқаев Өзбекстан президентін елорда әуежайында қарсы алды

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев. Фото: Ақорда

    Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевті елорда әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды Ақорда.

    ️Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін әуежайда Құрмет қарауылы ротасы сап түзеп тұрды.

    Сапар аясында жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

    Айта кетейік, бұған дейін Тоқаев Өзбекстан президентінің қызы әрі көмекшісі Саида Мирзиееваны қабылдаған болатын.

    Бірер күн бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті.

    Тоқаев Өзбекстан президентін елорда әуежайында қарсы алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.