jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Тоқаев пен Мирзиеев Жоғары мемлекетаралық кеңестің бірінші отырысына қатысты

    Жиын
    Жиналыс. Фото: Ақорда

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев Қазақстан мен Өзбекстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты, деп хабарлайды Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасы.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    close
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Қазақстан мен Өзбекстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысы өтті, онда екі ел арасындағы ынтымақтастықтың түрлі салалары талқыланды.
    • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-өзбек қатынасының стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында дамып келе жатқанын атап өтті.
    • Президент Тоқаевтың айтуынша, "Одақтастық қатынастар туралы тарихи шартқа қол қойылып, Стратегиялық әріптестікті және одақтастықты дамыту бағдарламасы бекітілді."

    Кеңес отырысында екі елдің сауда-экономика, көлік-транзит, су шаруашылығы және энергетика, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын кеңейтудің басым бағыттары талқыланды.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-өзбек қатынасы стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында тұрақты дамып келе жатқанын атап өтіп, еліміз Өзбекстанмен ынтымақтастықты нығайта түсуге айрықша көңіл бөлетінін жеткізді.

    "Былтыр Одақтастық қатынастар туралы тарихи шартқа қол қойдық. Бүгін алдағы он жылға арналған Стратегиялық әріптестікті және одақтастықты дамыту бағдарламасын бекітеміз. Осы маңызды қадамдар екі елдің байланысын ілгерілетуге айрықша серпін беретініне сенімдімін", – деді президент.

    Тоқаев пен Мирзиеев Жоғары мемлекетаралық кеңестің бірінші отырысына қатысты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.