Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Фумио Кишида Жапониядағы жер сілкінісіне байланысты Астанаға келмейтін болды

Жарияланған күні:

Фумио Кишида
Фумио Кишида. Фото: Nikkei / Uichiro Kasai / Getty Images

Жапония премьер-министрі Фумио Кишида елдің оңтүстік-батысында болған күшті жер сілкінісіне байланысты Астанаға жоспарланған сапарын тоқтатады. Бұл туралы The Japan Times басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Газеттің хабарлауынша, Кишида жұма күні Жапонияның оңтүстік-батысында, Кюсю аралының маңында болған жер сілкінісіне байланысты Орталық Азия елдеріне сапарын тоқтататынын мәлімдеді.

Жапон премьер-министрі алдымен Қазақстанға келіп, саммитке қатысып, одан кейін Өзбекстан мен Моңғолияға барады деп жоспарланған болатын.

Еске салсақ, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев елордаға келді. Оны "Ақорда" резиденциясында Тоқаев салтанатты түрде қарсы алды. Екі ел президенті шағын құрамда келіссөз жүргізді.

Сонымен бірге Қазақстанға Әзербайжан президенті Ильхан Әлиев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон келген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2146725-baq-fumio-kishida-zhaponiiadagy-zher-silkinisine-bailanysty-astanaga-kelmeitin-boldy/