Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қазақстанға келді
Жарияланған күні:
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Астанаға келді. Оны әуежайдан премьер-министр Олжас Бектенов әуежайда күтіп алды. Бұл туралы үкімет Telegram-дағы арнасында хабарлады.
- Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Астанаға келіп, оны премьер-министр Олжас Бектенов әуежайда қарсы алды.
- Рахмон Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуі мен "Орталық Азия + Жапония" диалогы мемлекеттері басшыларының бірінші саммитіне қатысады.
- Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда көлемі өсіп, екі ел су ресурстары саласында ынтымақтасуды күшейтуде.
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуі мен "Орталық Азия + Жапония" диалогы мемлекеттері басшыларының бірінші саммитіне қатысады.
Бүгінде елдер тауар айналымын одан әрі арттыруға күш салуда
Биылғы қаңтар-маусым айларында екі ел арасындағы өзара сауда көлемі 575,7 млн долларды құрады, бұл ретте қазақстандық тауарлар экспорты 18,9%-ға артты.
Екіжақты өзара іс-қимылдың стратегиялық бағыттарының бірі – су қатынастары саласы.
Тәжікстанда Рогун су электр стансасын салу жөніндегі энергетикалық жоба бүкіл Орталық Азия аймағына мультипликативті әсер береді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2146534-tazhikstan-prezidenti-emomali-rahmon-qazaqstanga-keldi/