Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қазақстанға келе алмаған Жапония премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Фумио Кишида
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Фумио Кишида. Фото: t.me/aqorda_resmi

Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияда болған жер сілкінісіне байланысты жапон халқына сабыр тілеп, табиғат апатының салдары ауыр болмайды деп үміттенетінін айтты. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Өз кезегінде Фумио Кишида Қазақстанға ресми сапарын, соның ішінде "Орталық Азия + Жапония" Диалогының бірінші саммитіне қатысуын амалсыздан кейінге шегергенін өкінішпен жеткізді.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Фумио Кишида қазақ-жапон қатынастарының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылап, өңіраралық ықпалдастық мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Айта кетейік, осыған дейін еліміздің Сыртқы істер министрлігі Жапония премьер-министрінің Қазақстанға ресми сапары тоқтатылғанын растады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9-10 тамыз күндері Жапония премьер-министрі Фумио Кишида Қазақстанға ресми сапармен келуі керек болған.

Бұған дейін хбарлнғандай 10 тамызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жапония премьер-министрі Фумио Кишида екіжақты келіссөздер жүргізеді деп жоспарланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2147008-qazaqstan-prezidenti-zhaponiia-premer-ministrimen-telefon-arqyly-soilesti/