Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Жапония премьер-министрі ресми сапармен келеді
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Жапония премьер-министрі Фумио Кишида Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9-10 тамыз күндері Жапония премьер-министрі Фумио Кишида Қазақстанға ресми сапармен келеді.
9 тамызда Астана қаласында "Орталық Азия + Жапония" Диалогының бірінші саммиті өтеді.
10 тамызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жапония Премьер-министрі Фумио Кишида екіжақты келіссөздер жүргізеді деп жоспарланып отыр.
Айта кетейік, 7 тамызда Тоқаев Өзбекстан президентін елорда әуежайында қарсы алды.
Бұған дейін Тоқаев Өзбекстан президентінің қызы әрі көмекшісі Саида Мирзиееваны қабылдаған болатын.
Бірер күн бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2146086-toqaevtyng-shaqyruymen-zhaponiia-premer-ministri-fumio-kishida-qazaqstanga-resmi-saparmen-keledi/