Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Астананың ұстанымын объективті бағалау": Сыртқы істер министрлігіне Беларусь елшісі шақырылды

Жарияланған күні:

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіндегі Беларусь елшісі. Фото
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіндегі Беларусь елшісі. Фото: t.me/pressmfakz

Қазақстанның сыртқы істер министрі Беларусь тарабын әлемде болып жатқан үдерістерге қатысты Астананың ұстанымын объективті бағалауға шақырды. Бұл жөнінде ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сыртқы істер министрлігінің сайтында министр Мұрат Нұртілеудің Беларусь Республикасының елшісі Павел Утюпинмен кездесуі барысында Қазақстан – Беларусь екіжақты деңгейдегі, сондай-ақ көпжақты ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылағаны хабарланды.

Атап айтқанда, министр Қазақстан БҰҰ Жарғысына және халықаралық құқықтың негізін қалаушы нормаларына сәйкес теңгерімді және бейбітшіл сыртқы саясат жүргізіп жатқанын атап өтті.

"Еліміз мемлекеттер арасындағы барлық келіспеушілік саяси және дипломатиялық жолдармен шешілуге тиіс екеніне нық сенімді. Қазіргі геосаяси жағдайда мемлекет басшысы жүргізіп жатқан еліміздің сыртқы саяси бағыты өзінің тиімділігін көрсетті.

Осыған байланысты министр Беларусь тарабын қазіргі процестерге қатысты Астананың ұстанымын объективті бағалауға шақырды", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2151817-astananyng-ustanymyn-obektivti-bagalau-belarus-elshisi-qazaqstannyng-syrtqy-ister-ministrligine-shaqyryldy/