Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев пен Рахмон Қазақстанның Тәжікстандағы мәдениет күндеріне арналған салтанатты концертті тамашалады

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев и Эмомали Рахмон. Фото
Қасым-Жомарт Тоқаев и Эмомали Рахмон. Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстанның Тәжікстандағы мәдениет күндерінің ашылуына орай өткен гала-концертті тамашалады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Кохи Борбад" сарайында өткен гала-концертте Қазақстан мен Тәжікстанның өнер майталмандары, соның ішінде Astana ballet балет труппасы мен симфониялық оркестрі, "Астана Опера" Мемлекеттік опера және балет театрының хоры, Hassak этно-фольк тобы және тағы да басқа шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті.

Сахнада қос халықтың танымал музыкалық шығармалары мен әлемдік классика репертуарынан үзінділер орындалып, хореографиялық композициялар ұсынылды.

Бауырлас тәжік халқы Димаш Құдайберген, Айгүл Үлкенбаева, Темірлан Бейсембай (Ratovich), "El Voice" тобы, Фарух Тохтамуратов (Adam) сияқты мәдениет қайраткерлерінің өнерін тамашалады.

Қазақстанның мәдениет күндері аясында Душанбе, Худжанд және Бохтар қалаларында мәдениетаралық байланыстарды кеңейтуді көздейтін бірқатар маңызды іс-шара өтеді.

Осы аптада Әбілқасым Фирдауси атындағы мәдениет және демалыс саябағында қазақтың бас ақыны, хәкім Абай Құнанбайұлының ескерткіш-бюсті салтанатты түрде ашылды.

Бұдан бөлек, Ұлттық музейдегі бірегей жәдігерлерден жасақталған қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің көрмесі және отандық кинематографтар түсірген фильмдердің көрсетілімі ұйымдастырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2152272-qasym-zhomart-toqaev-pen-emomali-rahmon-qazaqstannyng-tazhikstandagy-madeniet-kunderine-arnalgan-saltanatty-kontsertti-tamashalady/