Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізді

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысы
Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысы. Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысы өтті. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, жиында ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев, ішкі істер министрі Ержан Сәденов және бас прокурор Берік Асылов қазіргі халықаралық жағдайды ескере отырып, экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет етудің өзекті мәселелері жөнінде баяндаған.

"Отырыс барысында құқық қорғау және арнайы органдар қызметінің терроризмге қарсы күресті күшейту бойынша түрлі аспектілері қарастырылды

Мемлекет басшысы ел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын арттыруға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді", - делінген ресми хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2154042-toqaev-qauipsizdik-kengesining-shugyl-otyrysyn-otkizdi/