Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақырды

Жарияланған күні:

Парламент ғимараты
Парламент ғимараты. Фото: t.me/mazhilis_kz

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды. Бұл туралы мәжіліске сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтетіні туралы ақпарат мәжілістің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланды.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2024 жылғы 2 қыркүйекте сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылсын", - деп жазылған өкім мәтінінде.  

Айта кетейік, 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы парламентінің жаңа саяси маусымы және жаңа сессиясы басталады.

Еске салсақ, 28 маусымда парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы парламентінің екінші сессиясы жабық деп жарияланып, сенат және мәжіліс депутаттары каникулға кеткен еді.

ҚР парламенті регламентіне сәйкес, парламент палаталарының бірлескен отырысын, палаталардың депутаттарына алдын ала хабарлай отырып, мәжіліс төрағасы шақырады. Бұл ретте мәжіліс төрағасы парламенттің бірлескен отырысын шақыру туралы өкім шығарып, оны парламент депутаттарына хабарлайды.

Парламент палаталарының бірлескен отырыстары сағат 12:00 ден 12:30-ға дейін және сағат 14:00-ден 16:00-ге дейін үзіліс жасай отырып, сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін өткізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2154288-qoshanov-parlament-palatalarynyng-birlesken-otyrysyn-shaqyrdy/