jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Парламент депутаттары каникулға кетті

    Мәжілістің жалпы отырысы
    Мәжіліс. Көрнекі фото: parlam.kz

    Бүгін Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті – сенат және мәжіліс депутаттары жұмысын қорытындылап, сессияны аяқтады. Бұл жөнінде KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Қазіргі кезде парламент қоржынында 71 заң жобасы бар. Депутаттық корпус енді Бюджет, Салық, Құрылыс, Су кодекстері бойынша жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар біз мүлде жаңа Цифрлық кодексті күтіп отырмыз.

    Алдымызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет, есірткімен күрес, дін, сот жүйесіндегі реформалар және басқа да мәселелерге қатысты заң жобалары бойынша ауқымды жұмыс күтіп тұр. Парламент, үкімет және сарапшылар қоғамдастығы үйлесімді әрі жан-жақты жұмыс істеуі қажет", - деп мәлімдеді мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

    Ол сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы парламентінің екінші сессиясын жабық деп жариялады. Бүгіннен бастап халық қалаулылары демалысқа шығып, Қазақстанның өңірлерін аралауға аттанады.

    Парламент депутаттары каникулға кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.