Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АЭС салу бойынша референдум: ОСК төрағасы Тоқаевқа дайындық барысын баяндады

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев, Нұрлан Әбдіров
Қасым-Жомарт Тоқаев, Нұрлан Әбдіров. Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, президентке жаңартылған заңнамаға сай республикалық референдумға дайындық және ұйымдастыру жұмыстары жөнінде мәлімет берілді.

"Қасым-Жомарт Тоқаевқа Орталық сайлау комиссиясының даму стратегиясын іске асырудың негізгі аспектілері баяндалды", - делінген ресми хабарламада.

Кездесу соңында мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Еске салсақ, 2 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда республикалық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды.

3 қыркүйекте Орталық сайлау комиссиясының отырысында АЭС салу бойынша референдум өткізудің күнтізбесі бекітілді.

Сондай-ақ бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы өкілдері Қазақстанда АЭС салу бойынша референдумды ұйымдастыруға және өткізуге 15,5 млрд теңге жұмсалатынын мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2157054-ortalyq-sailau-komissiiasynyng-toragasy-toqaevqa-referendumga-daiyndyq-barysyn-baiandady/