Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев ҰҚК төрағасының орынбасарларын қызметінен босатты

Жарияланған күні:

Ақорда
Ақорда келбеті. Көрнекі сурет: pixabay

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының екі орынбасарын лауазымынан босатты. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Руслан Сейсембаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымынан босатылды.

Руслан Сейсембаев
Руслан Сейсембаев. Фото: ҰҚК

Руслан Сейсембаев 1997-2008 жылдар аралығында ұлттық қауіпсіздік органдарында офицерлік лауазымдарда қызмет атқарды.

2008-2023 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарында басшы лауазымдарда жұмыс істеді.

2023 жылғы сәуірден бастап ҰҚК төрағасының орынбасары болған.

Асқар Әмірханов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымынан босатылды.

Асқар Әмірханов
Асқар Әмірханов. Фото: ҰҚК

Асқар Әмірханов 1995-2004 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарында офицерлік лауазымдарда қызмет атқарды.

2004-2022 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2022 жылғы қаңтардан бастап ҰҚК төрағасының орынбасары болды.

Ал 2023 жылғы сәуірден бастап ҰҚК Төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры болып тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2161707-toqaeev-uqk-toragasynyng-orynbasaryn-qyzmetinen-bosatty/