Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денис Шипп Жоғары сот кеңесінің төрағасы лауазымынан босатылды

Жарияланған күні:

Денис Шипп
Денис Шипп. Фото: sud.gov.kz

Денис Шипп Қазақстан Республикасы Жоғары сот кеңесінің төрағасы лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы арнасында хабарлады.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Денис Алексеевич Шипп Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы лауазымынан босатылды", - делінген құжатта.

Айта кетсек, Денис Шипп аталған қызметке 2021 жылғы маусымнан бері атқарып келеді.

Денис Шипп 1968 жылы 27 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Музыкалық орта мектепті фортепиано сыныбы бойынша, Омбы мемлекеттік университетінің заң факультетін, академик Королев атындағы Самара мемлекеттік аэроғарыш университетін бітірген.

Кәсіби мансабын ағылшын тілінің аудармашасы болып бастаған. Әр жылдары СҚО агроөнеркәсіптік комитетінде жұмыс істеген. Сондай-ақ, салық полициясында инспектор, СҚО қаржы полициясы департаменті тергеу басқармасының төрағасы қызметін атқарған.

Ал судья қызметін Петропавл қалалық сотынан бастаған. Кейін Алматы қаласының мамандандырылған қаржы сотының судьясы, Алматы қаласының мамандандырылған қаржы сотының төрағасы болған.

2015 жылдан жаңа қызметіне дейін Жоғарғы соттың судьясы болған. Сонымен қатар мамандандырылған сот алқасының және Қазақстан Судьялар одағының мүшесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2163451-denis-shipp-zhogary-sot-kengesining-toragasy-lauazymynan-bosatyldy/