Жоғары сот кеңесінің жаңа төрағасы тағайындалды
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Жоғары сот кеңесінің төрағасы болып Денис Шипп тағайындалды деп хабарлайды Ақорда.
"Денис Алексеевич Шипп Қазақстан Республикасы Жоғары сот кеңесінің төрағасы лауазымына тағайындалсын", - делгінген президент қаулысында.
Ал осыған дейін бұл қызметті атқарған Талғат Донақов лауазымынан босатылды.
Айта кетейік, Талғат Донақов Жоғары сот кеңесінің төрағасы болып 2018 жылдың сәуір айында тағайындалған болатын.
Ал жаңа тағайындалған Денис Шиппке келсек, Қазақпараттың мәліметінше, ол 1968 жылы 27 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Музыкалық орта мектепті фортепиано сыныбы бойынша, Омбы мемлекеттік университетінің заң факультетін, академик Королев атындағы Самара мемлекеттік аэроғарыш университетін бітірген.
Кәсіби мансабын ағылшын тілінің аудармашасы болып бастаған. Әр жылдары СҚО агроөнеркәсіптік комитетінде жұмыс істеген. Сондай-ақ, салық полициясында инспектор, СҚО қаржы полициясы департаменті тергеу басқармасының төрағасы қызметін атқарған.
Ал судья қызметін Петропавл қалалық сотынан бастаған. Кейін Алматы қаласының мамандандырылған қаржы сотының судьясы (2006 жылдан), Алматы қаласының мамандандырылған қаржы сотының төрағасы (2011 жылдан) болған.
2015 жылдан жаңа қызметіне дейін Жоғарғы соттың судьясы болған. Сонымен қатар, мамандандырылған сот алқасының және Қазақстан Судьялар Одағының мүшесі.
Денис Шипп қазақ, орыс және ағылшын тілін меңгерген. Отбасылы ұлы бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1916489-zogary-sot-kenesinin-zana-toragasy-tagaiyndaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.