Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрынғы туризм және спорт министрі Маржықпаев жаңа қызметке тағайындалды

Жарияланған күні:

Ермек Маржықпаев жиналыста
Ермек Маржықпаев жиналыста. Фото: gov.kz

Бұрынғы туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев премьер-министрдің кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы үкімет ресми сайтында хабарлады.

Ермек Маржықпаев 1969 жылы Астана қаласында дүниеге келген. 

С. Сейфуллин атындағы Ақмола мемлекеттік педагогикалық институтын, "Тұран" университетін, Көкшетау университетін бітірген.

Әр жылдары түрлі лауазымдарды атқарды.

2019-2023 жылдары Ақмола облысының әкімі болып қызмет етті.

2023-2024 жылдары туризм және спорт министрі болып жұмыс істеді. Ол бұл лауазымнан 31 тамызда босатылды.

Ал 2 қыркүйекте туризм және спорт министрі болып Ербол Мырзабосынов тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2164944-ermek-marzhyqpaev-premer-ministrining-kengesshisi-bolyp-tagaiyndaldy/