Тоқаев жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды (фото, видео)
Опубликовано:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтағы білім беру, мәдениет және спорт нысандарын аралап көреді. Сондай-ақ бірқатар кәсіпорынға барып, өңірде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалармен танысады.
Еске салсақ, президент Түркістан облысына былтыр жазда барған еді. Ол кезде мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай отырысына қатысты.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2166760-toqaev-zhumys-saparymen-turkistan-oblysyna-keldi/