Қазақстан БҰҰ Бас Ассамблеясының саяси дебатында ядролық қауіпсіздік пен өлім жазасын жою мәселесін көтерді
Жарияланған күні:
Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-сессиясының жалпы саяси дебатында сөз сөйледі. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми сайты хабарлайды.
Өз сөзінде Мұрат Нұртілеу ағымдағы отырыс жаһандық қауіпсіздік жүйесі күйреу алдында тұрған сыни сәтте өтіп жатқанын атап өтті.
"Ондаған ел қақтығыстар ментұрақсыздыққа ұшырап, мыңдаған адамның өмірін қиды, ал бүкіл континенттер климаттық дағдарыстан зардап шегуде", – деді ол.
ҚР СІМ басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының алдыңғы сессиясында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған "Бейбітшілік пен келісім үшін әлемдік бірлік" бастамасын іске асыру қажеттігін еске салды. Ол жаһандық мәселелерді шешуге орта державалардың белсенді қатысуына шақырды.
Қазақ дипломаты өз сөзінде ядролық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударды.
"Ядролық қатерлер риторикасының күшеюі ядролық қаруды таратпау туралы шартты және барлық ядролық державалардың ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шартты қатаң сақтауды талап етеді", - деп атап өтті министр.
Климаттық сын-қатерлер туралы айта отырып, Мұрат Нұртілеу дамыған елдер мен халықаралық қаржы институттарын Париж келісімінің ережелеріне сәйкес, табысы төмен және орташа елдерге жасыл технологиялар мен жеңілдікті қаржыландыруды ұсынуға жәрдемдесуге шақырды.
Министрдің айтуынша, Қазақстан 2026 жылы Өңірлік климаттық саммит өткізуді жоспарлап, өз үлесін қосуға ниетті.
СІМ басшысы мемлекет басшысы жүргізіп жатқан Әділетті Қазақстанды құру жөніндегі реформалар шеңберінде елімізде өлім жазасы жойылғанын, балалар мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілгенін, азаптауға мүлдем төзбеушілік саясаты жүргізіліп жатқанын және ұлттық алдын алу тетіктері нығайтылғанын атап өтті.
Осы тұрғыда сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қазақстанның Орталық Азия басқа елдерімен және Моңғолиямен бірлесіп өлім жазасынан босатылған алғашқы өңір болу бастамасы туралы хабардар етті.
Одан бөлек, Мұрат Нұртілеу цифрлық трансформацияның маңыздылығын жеке атап өтті:
"2030 жылға дейінгі цифрлық күн тәртібі технологияларға тең қолжетімділікті талап етеді. Жасанды интеллекттің дамуы бізге киберқауіптер мен деректер қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жаңа қиындықтар туғызады", - деді Мұрат Нұртілеу.
Министр этикалық стандарттарды әзірлеу үшін жасанды интеллект мәселелері жөніндегі БҰҰ Кеңсесін құру уақытылы шешім екенін атап өтіп, БҰҰ-ның осы процестердегі рөлін күшейтуді ұсынды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2167276-qazaqstan-buu-bas-assambleiasynyng-saiasi-debatynda-iadrolyq-qauipsizdik-pen-olim-zhazasyn-zhoiu-maselesin-koterdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.