jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының бүгін өтетін форумына қатысады

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Бүгін барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының форумы өтеді. Оған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев AMANAT партиясының бастамасымен өтетін барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының форумына қатысады", - деп жазды президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі жеке парақшасында.

    Сондай-ақ бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының президентіне құттықтау жеделхатын жолдап, президент Юн Сок Ёл мен корей халқын Ұлттық күнімен құттықтады.

    Президент жеделхатында Кореяны экономикалық және технологиялық дамуда зор жетістіктерге қол жеткізген мемлекет ретінде атап өтіп, екі ел арасындағы қарым-қатынас стратегиялық серіктестік рухында нығайып келе жатқанына тоқталған.

    Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының бүгін өтетін форумына қатысады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.