Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Марат Қожаев ІІМ бірінші орынбасары қызметінен босатылып, жаңа қызметке тағайындалды

Жарияланған күні:

Марат Қожаев
Фото: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Марат Қожаев ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды. Артынша президент жарлығымен сенат депутаты болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысының өкімімен Марат Шәдетханұлы Қожаев Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.

Сонымен қатар ол президент жарлығымен парламент сенатының депутаты болып тағайындалды.

ІІМ сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Марат Қожаевтың білімі жоғары, 1989 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, 2001 жылы ҚР ІІМ Академиясын тәмамдаған.  

1984 жылдан бастап Алматы облысы ІІБ Қаскелең ауданының ІІБ уақытша ұстау изоляторының милиционері болды.

1989 жылдан 2001 жылға дейін тергеу қызметінде, оның ішінде Алматы облысы ІІБ басшылық лауазымдарында жұмыс істеді;

2004 жылдан 2009 жылға дейін Алматы қаласы ІІД бастығының орынбасары

2012 жылғы ақпаннан бастап ІІМ Тергеу комитетінің төрағасы болды.

2014 жылдың қыркүйегінен Павлодар облысы ІІД бастығы болып жұмыс істеді.

2017 жылғы желтоқсаннан бастап Нұр-Сұлтан қаласы ПД бастығы болды.

2019 жылғы 6 сәуірден бастап Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2169657-marat-qozhaev-iim-birinshi-orynbasary-qyzmetinen-bosatyldy/