Алматы қаласы мен Алматы облысында электр энергиясының тарифі өзгереді
Жарияланған күні:
"АлматыЭнергоСбыт" ЖШС 2024 жылғы 15 қазаннан бастап электр энергияны бөлшек саудада өткізудің шекті бағасының 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 29,04 теңгеге дейін (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 32,52 теңге) көтерілгені туралы хабарлады.
"АлматыЭнергоСбыт" ЖШС 2024 жылғы 15 қазаннан бастап Алматы қаласы мен Алматы облысының тұтынушылары үшін тариф өзгергенін хабарлады. Ол мына себептерге байланысты өзгерген:
- 2024 жылғы 1 тамыздан бастап "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ электр энергиясын беру тарифінің 8,87-ден 11,40 теңге/кВтсағ-ға дейін өсуі;
- 2024 жылғы 1 мамырдан бастап "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ желілері бойынша электр энергиясын беру тарифінің 2,46 теңге/кВтсағ-тан 3,25 теңге/кВтсағ-ға дейін өсуі.
Тұтынушылардың топтары бойынша:
- 1-топ: электр энергиясын тауарларды, жұмыстарды өндірумен (сатумен) және қызметтер көрсетумен байланысты емес өзінің тұрмыстық мұқтаждары үшін пайдаланатын тұрмыстық тұтынушылар – 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 27,59 теңге (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 30,90 теңге);
- 2-топ: электр энергиясын тұрмыстық емес мұқтаждар үшін пайдаланатын тұтынушылар – 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 30,08 теңге (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 33,69 теңге);
- 3-топ: мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар – 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 30,47 теңге (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 34,13 теңге);
- 4-топ: әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіретін тұтынушылар (ӘМАТ) – 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 29,04 теңге (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 32,52 теңге).
Электр энергиясын тұрмыстық мұқтаждар үшін пайдаланатын жеке тұлғалар мен тұтынушылар үшін пәтерде/ үйде тұрақты тұратын әрбір адамға электр энергиясын тұтыну көлеміне қарай сараланған тариф:
- 1 деңгейдегі тариф – 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 25,06 теңге (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 28,07 теңге);
- 2 деңгейдегі тариф – 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 33,11 теңге (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 37,08 теңге);
- 3 деңгейдегі тариф – 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 41,39 теңге (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 46,36 теңге).
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2173126-almaty-qalasy-men-almaty-oblysynda-elektr-energiiasynyng-tarifi-ozgeredi/