Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

15 қазанда Астанаға Армения президенті Ваагн Хачатурян келеді

Жарияланған күні:

Ваагн Хачатурян
Ваагн Хачатурян. Фото: president.am

15 қазанда Қазақстанға Армения президенті Ваагн Хачатурян ресми сапармен келеді. Бұл жөнінде Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Армения президенті Ваагн Хачатурян 15 қазанда елімізге ресми сапармен келеді

Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында саяси, сауда-экономика, мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-армян ынтымақтастығын одан әрі нығайту перспективалары талқыланады", - делінген Ақорданың Telegram-дағы арнасында жарияланған ресми хабарламада.

Сондай-ақ тараптар өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасады деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Испания короліне құттықтау жеделхатын жолдап, король VI Фелипені Испанияның ұлттық күнімен құттықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2173408-15-qazanda-astanaga-armeniia-prezidenti-keledi/