Тоқаев Францияға мемлекеттік сапармен келді (фото)
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Республикасына мемлекеттік сапармен келді. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында мәлімет бойынша, Париж әуежайында Қазақстан президентін Францияның сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро қарсы алды.
"Ертең Елисей сарайында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франция президенті Эмманюэль Макрон келіссөз жүргізеді", - делінген ресми ақпаратта.
Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қарашада Франция елшісі Сильван Гиогені қабылдап, кездесуде президент алдағы уақытта Франция Республикасына жасайтын мемлекеттік сапарының жай-жапсарын баяндаған еді.
Сондай-ақ бұған дейін Францияның Le Figaro газетінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласы жарияланғанын жазған едік. Онда президент Астана мен Париждің бірлескен жобалары туралы сөз қозғап, Францияға мемлекеттік сапарының мақсаттарын айтқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2182920-toqaev-frantsiiaga-memlekettik-saparmen-keldi/