jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Тоқаев Орталық сайлау комиссиясында кадрлық ауыс-түйіс жасады

    Фото
    Ақорда. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін қызметінен босатты. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы арнасында хабарлады.

    Мемлекет басшысының жарлықтарымен Сәбила Мұстафина мен Константин Петров Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымынан босатылды.

    Сонымен қатар президент жарлығымен Азамат Айманакумов пен Михаил Бортник Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.

    Атырау облысы әкімдігінің сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Азамат Айманакумов облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы болған.

    "Параграф" АҚЖ ақпаратынша, Михаил Бортник 2022 жылдан бастап ҚР Жоғары есеп палатасының мүшесі.

    Әр жылдары Ақтау қаласы әкімінің орынбасары, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау бойынша Есеп комитетінің мүшесі, сенат депутаты болған.

    Тоқаев Орталық сайлау комиссиясында кадрлық ауыс-түйіс жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.