Қарашаның аяғында Қазақстанға Путин келеді
Жарияланған күні:
Читать на русскомАстанада екі елдің сыртқы істер ведомстволары басшыларының кездесуінде Ресей президенті Владимир Путиннің алдағы уақытта Қазақстанға ресми сапармен келетіні белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Бүгін Астанада Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың кездесуі өтіп, Нұртілеу Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға алдағы сапары туралы хабарлады.
Сыртқы істер министрінің сөзінше, Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен 27 қарашада келеді.
Естеріңізге сала кетейік, Владимир Путин соңғы рет Астанада шілде айында Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысқан болатын.
Саммит барысында оны Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алып, Владимир Путинге ШЫҰ Саммитіне қатысқаны үшін алғысын білдірді, сондай-ақ Ресейдің "Шанхай рухын" нығайтуға қосқан елеулі үлесін атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2184444-putin-qarashanyng-aiagynda-qazaqstanga-keledi/