Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Владимир Путин Астанаға келді

Опубликовано:

Владимир Путин мен Олжас Бектенов
Владимир Путин мен Олжас Бектенов. Фото: t.me/KZgovernment

Ресей президенті Владимир Путин Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Астанаға келді. Бұл туралы үкімет Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинді әуежайда Қазақстанның премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды.

Владимир Путин Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады.

ШЫҰ-ны 2001 жылы алты мемлекет — Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан құрған. Кейінірек бірлестікке Иран, Үндістан және Пәкістан елдері қосылды.

5 жыл ішінде Қазақстанның ШЫҰ елдерімен тауар айналымы 56,5 пайызға өсіп, 66 млрд долларды құрады. 2024 жылғы қаңтар-сәуірде ұйым ішіндегі өзара сауда көлемі 19,1 млрд долларды құрады. Осы кезеңде ҚР мен РФ арасындағы тауар айналымы 7,4 млрд долларды құрады.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2127888-vladimir-putin-astanaga-keldi/