Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекетке тағы 525 млрд теңге қайтарылды: бұл қаражат қайда жұмсалады

Жарияланған күні:

Ақша
Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Премьер-министр Олжас Бектенов Активтерді қайтару мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізді – мемлекет кірісіне қосымша 525 млрд теңге аударылды. Бұл жөнінде үкіметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған мәліметке сүйенсек, премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Активтерді қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткен.

Комиссия "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Заң субъектілерінің жалпы сомасы 525 млрд теңгеден астам қаражатты мемлекет пайдасына аудару және әлеуметтік жобаларды іске асыру жөніндегі келісімдерін мақұлдаған. Қаражатты Арнаулы мемлекеттік қорға аударумен қатар, Заң субъектілері есебінен мына объектілердің құрылысы мақұлданған:

  • Арқалық қаласында дарынды спортшы балаларға арналған 120 орындық спорттық кешен;
  • Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы;
  • Алматыда ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған 400 орындық жаттығу орталығы.

"Мемлекет басшысы атап өткендей, қайтарылған барлық қаражат қазақстандықтардың игілігі үшін жұмыс істеуге тиіс. Биыл жыл басынан бастап Комиссия қайтарылған активтер бойынша жалпы сомасы 900 млрд теңгеден астам келісімдерді мақұлдады. Бұл қаражатқа бірқатар әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің құрылысы басталды", - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Бұған дейін Арнаулы мемлекеттік қордан Ақмола облысындағы Зеренді ауылында спорттық кешен және Түркістан облысындағы Темірлан ауылында музыка мектебінің құрылысына қаражат бөлінген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2184729-memleketke-525-mlrd-tengge-qaitaryldy-bul-qarazhat-qaida-zhumsalady/