jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

    Нұржан Абдалимов
    Нұржан Абдалимов. Фото: Талғар ауданы әкімдігі

    Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымына Абдалимов Нуржан Диханбекович тағайындалды. Бұл туралы аудан әкімдігі Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

    Нұржан Диханбекұлы 1988 жылы 10 маусымда дүниеге келген. Білімі жоғары. Қазақ қатынас жолдары университетін кеден ісі мамандығы бойынша бітірген. Сонымен қатар, "Қайнар" академиясында құқықтану магистрі дәрежесін алған.

    2011 жылы "Алматы қаласының ақпараттық жүйелер орталығы" КМК-да аға оператор;

    2011-2015 жылдары Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппаратында кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімінің маманы;

    2015 жылы мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы;

    2015-2018 жылдары кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы;

    2018-2019 жылдары мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы;

    2019-2021 жылдары "АлматыЭлектроТранс" ЖШС-де бөлім басшысы;

    2023 жылдың сәуірінен бастап бүгінге дейін Талғар ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

    Еске салсақ, бұған дейін Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы болған Қасымбаев Аслан Нұрғайыпұлы қызметінен босатылған еді.

    Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.