jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Қасым-Жомарт Тоқаев Сербияға ресми сапармен барды (фото)

    Мемлекет басшысы Сербияға ресми сапармен барды
    Қасым-Жомарт Тоқаев Сербияға ресми сапармен барды. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сербияға ресми сапармен барды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

    Қасым-Жомарт Тоқаевты Белград әуежайында Сербия президенті Александр Вучич қарсы алды.

    Қазақстан президентінің бортын Сербия аспанында осы елдің әскери әуе күштерінің ұшақтары алып жүрді.

    Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді. Мемлекеттер басшылары екі елдің саяси, сауда-экономика, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ынтымақтастығының перспективаларын талқылайды.

    Келіссөздер қорытындысы бойынша екіжақты келісімдерге қол қойылмақ. Сонымен қатар Сербияның премьер-министрі Милош Вучевичпен кездесу жоспарланған.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Сербияға ресми сапармен барды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.