Сербия президенті Вучич Тоқаев сыйға тартқан бір сандық әйгілі Алматы апортын көрсетті (фото)
Жарияланған күні:
Читать на русскомСербия президенті Александр Вучич әлеуметтік желіде әйгілі Алматы апортын президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан сыйға алғанын хабарлады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Бүгінгі кеште мен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты қабылдау құрметіне ие болдым, Сербия – достарына мақтанышпен есігін ашатын ел және біз бұл кеште қонақжайлылық дәстүрімізді ортақ дастархан басында тағы бір мәрте паш еттік. Мұнда бізді біріктіретін құндылықтар туралы айттық. Мен Қазақстанның танымал алмаларын сыйлыққа алдым.
Құрмет пен сенім үшін президент Тоқаевқа рахмет. Бұл сапар Сербия мен Қазақстан арасындағы байланысты нығайтады деген сенімдемін", - деп жазды Вучич Facebook-тегі парақшасында.
Айта кетейік, 18 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаевты Белград әуежайында Сербия президенті Александр Вучич қарсы алған болатын.
Қазақстан президентінің бортын Сербия аспанында осы елдің әскери әуе күштерінің ұшақтары алып жүрді.
Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді. Мемлекеттер басшылары екі елдің саяси, сауда-экономика, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ынтымақтастығының перспективаларын талқылайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2189261-toqaev-serbiia-prezidentine-almaty-aporty-salyngan-sandyqty-syiga-tartty/