Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаевты Сербияда ресми қарсы алу рәсімі қалай өтті (фото)

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

Сербия сарайының алдындағы алаңда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған мәліметке сүйенсек, Қазақстан президентінің келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді. Құрмет қарауылының бастығы рапорт бергеннен кейін екі елдің әнұрандары шырқалды, сондай-ақ он рет зеңбіректен оқ атылды. Бұдан кейін президенттер бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.

Айта кетейік, 18 қарашада мемлекет басшысы Сербияға ресми сапармен келді. Қасым-Жомарт Тоқаевты Белград әуежайында Сербия Президенті Александр Вучич қарсы алды.

Ақорда мәліметінше, сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді. Мемлекеттер басшылары екі елдің саяси, сауда-экономика, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ынтымақтастығының перспективаларын талқылайды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша екіжақты келісімдерге қол қойылмақ. Сонымен қатар Сербияның Премьер-министрі Милош Вучевичпен кездесу жоспарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2189550-serbiia-saraiynyng-aldyndagy-alangda-toqaevty-resmi-qarsy-alu-rasimi-otti/