Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаевтың Сербияға ресми сапары аясында қандай құжаттарға қол қойылды

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев, Серік Жұманғарин
Қасым-Жомарт Тоқаев, Серік Жұманғарин. Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сербияға ресми сапары аясында бірқатар құжатқа қол қойылды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Қазақстан президентінің Сербияға ресми сапары аясында мынандай құжаттарға қол қойылды:

1. Қазақстан Республикасының үкіметі мен Сербия Республикасының үкіметі арасындағы тұлғаларды реадмиссиялау туралы келісім;

2. Қазақстан Республикасының үкіметі мен Сербия Республикасының үкіметі арасындағы қорғаныс саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Сербия Республикасының Білім министрлігі арасындағы білім саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

4. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Сербия Республикаcының Еңбек, жұмыспен қамту, ардагерлер ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

5. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі мен Сербия Республикасының Туризм және жастар министрлігі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Сербия Республикасының Статистика басқармасы арасындағы өзара саудада статистикалық деректер алмасу саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама;

7. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Сербия Республикасының Ғылым, технологиялық даму және инновациялар министрлігі арасындағы ғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

8. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Сербия Республикасының Ақпарат және телекоммуникациялар министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

9. Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы мен Сербия Республикасының Ұлттық кітапханасы арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;

10. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мен Сербия Республикасының Халықаралық саясат және экономика институты арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2189687-toqaevtyng-serbiiaga-resmi-sapary-aiasynda-qandai-quzhattarga-qol-qoiyldy/