jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты шұғыл тапсырма берді

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Бұл туралы президенттің кеңесшісі-баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрге, Президент Әкімшілігінің асшысына және күштік құрылымдардың жетекшілері мен барлық әкімдерге Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды", - деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі жеке парақшасында.

    Оның айтуынша, парламент палаталарының төрағалары қабылданып жатқан іс-қимыл туралы хабардар етілген.

    Президент еліміздегі жағдайды өз бақылауында ұстап отыр.

    "Біздің еліміз үшін басты стратегиялық мақсат – тұрақтылықты, тыныштықты, заң мен тәртіп үстемдігін сақтау.

    Қазақстан славян екі халық арасындағы қақтығысты келіссөз арқылы тоқтату қажет екенін бірнеше рет мәлімдеген болатын", - деп атап өтті Берік Уәли.

    Айта кетейік, бұған дейін Путин 19 қарашада ATACMS 6 зымыраны мен 21 қарашада Storm Shadow жүйесімен Курск пен Брянск облыстарындағы нысандарға соққы жасалғанын айтып, Украинадағы қақтығыс ғаламдық сипатқа ие болғанын мәлімдеген еді.

    Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты шұғыл тапсырма берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.