Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскемен әкімі Жақсылық Омар қызметінен кететінін мәлімдеді (видео)

Жарияланған күні:

Жақсылық Омар
Фото: ОКҚ баспасөз қызметі

Өскемен қаласын 2018 жылдан бері басқарған Жақсылық Омар бүгін қала басшысы қызметінен кететінін мәлімдеді. Ол өзінің алты жылдық қызметі нәтижелерін бөлісіп, қала тұрғындарына үндеу жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Қымбатты өскемендіктер! Алты жыл деген аз уақыт емес, көп те емес. Осы аралықта сіздермен бірге қаланың ыстығына күйіп, суығына тоңып, шама-шарқымыз келгенше қызмет атқардық. Ұзақ сөйлемей, қысқаша қайырып айтатын болсам, қала басшысы лауазымындағы қызметім тәмамдалуда. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Өз басым осынау көрікті шаһар, Өскемен қаласының тұрғындарына, яғни сіздерге, ел басшылығына маған сенім білдіргендеріңіз үшін алғыс білдіремін!", - деді Жақсылық Омар өзінің Instaram-дағы парақшасында.

Оның айтуынша, алты жылда ауыз толтырып айтарлық бірқатар жоба жүзеге асырылды: қалада 3000 оқушыға арналған үш мектеп, 17 балабақша салынған, 3,5 шақырым трамвай жолдары жөнделген, су тасқынын алдын алу шаралары пысықталып, қаланың көркін келтіретін саябақтар саны артты.

Жақсылық Омар 1980 жылы 28 қыркүйекте Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал ауылында дүниеге келген. 2001 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Республикалық халықаралық мәдени бағдарламалар комитеті дирекциясының жетекші маманы болып бастады.

2013 жылдың мамырынан 2016 жылдың қарашасына дейін ШҚО әкімінің орынбасары қызметін атқарған болатын. 2018 жылы Өскемен қаласының әкімі болып тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2193363-oskemen-akimi-zhaqsylyq-omarov-qyzmetinen-ketetinin-malimdedi/