Top.Mail.Ru

Зектілері

Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты

Жарияланған күні:

ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуі
ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуі. Фото: t.me/aqorda_resmi

Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапарымен келген Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Іс-шараға Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.

Кездесу барысында ТМД аясындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективасы және Ұйым қызметінің басым бағыттары талқыланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2204955-toqaev-tmd-ga-mushe-memleketter-basshylarynyng-beiresmi-kezdesuine-qatysty/