jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Дархан Сатыбалды Президент Әкімшілігінде лауазымды қызметке тағайындалды

    Дархан Сатыбалды
    Дархан Сатыбалды. Фото: facebook.com/ontustik.gov.kz

    Дархан Сатыбалды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл жөнінде Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Мемлекет басшысының жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған хабарламада.

    Дархан Сатыбалды 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. С.Сейфуллин атындағы Ақмола ауылшаруашылығы институтын, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

    Экономика ғылымдарының кандидаты.

    Дархан Сатыбалды еңбек жолын 1996 жылы Келес ауданының "Келес" коммуналдық кәсіпорнында бастаған.

    Әр жылдары Қаржы министрлігінде, Президент Іс басқармасында, Білім және ғылым министрлігінде, Ұлттық қауіпсіздік комитетінде лауазымды қызметтер атқарған.

    2013-2015 жылдары Шымкент қаласының әкімі болған.

    Түркістан облысының әкімі болып тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған.

    2022 жылғы тамыздан бастап Түркістан облысын басқарып келді.

    Дархан Сатыбалды Президент Әкімшілігінде лауазымды қызметке тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.