Top.Mail.Ru

Зектілері

Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалды

Жарияланған күні:

Нұралхан Көшеров
Нұралхан Көшеров. Фото: t.me/KZgovernment

Нұралхан Көшеров Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл жөнінде Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Нұралхан Оралбайұлы Көшеров Түркістан облысының әкімі лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған хабарламада.

Нұралхан Көшеров 1984 жылы 20 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында дүниеге келген. 2005 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін; 2007 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін 2019 жылы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы бастаған. 2008 жылдан бастап 2015 жылға дейін мемлекеттік кірістер органдарында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2015-2018 жылдары Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болды.

2018 жылдан 2021 жылға дейін Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы, кейін Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қызметтерін атқарған.

2023 жылғы қаңтарда Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2208615-turkistan-oblysyna-zhanga-akim-tagaiyndaldy/