jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Тоқаев қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады

    Тоқаевтың құттықтау сөзі
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның православ тұрғындарын Рождество мерекесімен құттықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

    Ақорданың Telegram-дағы арнасында Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтау сөзі жарияланды. Президенттің айтуынша, "жұртқа жақсылық пен үміт сыйлайтын" мерекеде "діндар жандар адами құндылықтарға қызмет ету жолында өзара бірігеді".

    "Рождествода азаматтар ерекше қуанышқа бөленеді, православ дінін ұстанатын адамдар жақындарына қамқорлық көрсетіп, мұқтаж адамдарға жанашырлық танытуға асығады.

    Православ діні елдің берекелі бірлігі мен ырысты ынтымағын нығайта түсуге, жалпыұлттық бірегейлігіміздің өзегі саналатын отаншылдық, жасампаздық және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дәріптеуге мол үлес қосып келеді.

    Қоғамдағы татулық пен түсіністік Қазақстанның тұрақты дамуының мызғымас тірегі болып қала беретініне кәміл сенемін.

    Еліміздің православ христиандарына зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!

    Рождество мерекесі құтты болсын!" - деді мемлекет басшысы.

    Тоқаев қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.