Top.Mail.Ru

Зектілері

Тоқаев Си Цзиньпинге көңіл айтты

Жарияланған күні:

Си Цзиньпин мен Қасым-Жомарт Тоқаев
Си Цзиньпин мен Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

"Жеделхатта Сицзан автономиялық ауданының Шигацзе қаласында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және өзінің атынан ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас қытай халқына көңіл айтып, апатта жараланғандардың тез арада сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдірді.

Бүгін, 7 қаңтар күні Қытайдың оңтүстік-батысындағы Тибет автономиялық ауданында магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінісі тіркеліп, 53 адамның қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз. Ал жарақат алғандар саны 62-ден асып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2209023-toqaev-si-tszinpinge-kongil-aitty/