jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Тоқаевқа есеп берді

    Фото
    Ақорда. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

    Президентке агенттік төрағасы ведомствоның бақылау функцияларын орындауы жөнінде, оның ішінде былтыр қабылданған монополияға қарсы шаралардың нәтижелері туралы есеп берді.

    Қасым-Жомарт Тоқаевқа негізгі тауар нарықтарында шоғырлану деңгейін төмендету және "Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы" Жарлыққа сәйкес жекешелендіру бағытында атқарылған жұмыстар жайында баяндалды. Агенттік монополияға қарсы 97 істі тергеп-тексеруді аяқтады.

    Марат Омаров бәсекелестікті дамыту жөніндегі 2025 жылға арналған жоспарды таныстырды. Монополиялық нарықтардағы бағаға бақылауды күшейту, тергеп-тексерулер мен нарықты талдаудың тиімділігін арттыру үшін заңнамаға тиісті өзгерістер әзірленді.

    Агенттіктің цифрлық экожүйесін құру мен дамыту жоспарланып отыр. Бұл жасанды интеллект технологияларына негізделген ақпараттық-сараптамалық жүйені, цифрлық портал мен талдау құралдарын қамтиды.

    Сонымен қатар мемлекет басшысына Марат Омаров Қазақстан футбол федерациясының президенті ретінде отандық футболдың әлеуетін көтеру және еліміздегі балалар мен жасөспірімдер спортын қолдау жоспарын таныстырды.

    Кездесу соңында президент бәсекелестікті дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді.

    Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Тоқаевқа есеп берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.