RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Үкімет ҚҚС мөлшері бойынша ұсыныс айтты

Жарияланған күні:

Құжат үстінде жатқан тиындар мен қаламдар
Тиындар мен қаламдар. Көрнекі фото: pixabay.com

Астанада өткен бизнес өкілдерімен кездесуде қаржы министрі мен ұлттық экономика вице-министрі ҚҚС-тың сараланған мөлшерлемесін талқылады. Кездесуде ҚҚС мөлшеріне қатысты үкімет ұсыныстары да ортаға салынды, деп хабарлайды Үкіметтің ресми Telegram-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қаржы министрі Мәди Такиев пен ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин бизнес өкілдерімен салық реформасы шеңберінде ҚҚС сараланған мөлшерлемелерін белгілеу жөніндегі үкімет ұсыныстарын талқылады.

Кездесу "Атамекен" ҰКП қолдауымен ұйымдастырылды, оған бизнестің, қауымдастықтардың, қоғамдық және салалық бірлестіктердің 150-ден астам өкілі қатысты. Олардың қатарында қазақстандық салық кеңесшілері қауымдастығының, өзін-өзі реттейтін қоғамдық тамақтандыру ұйымының өкілдері, Астана кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңестерінің және өңдеу және фармацевтика, медицина өнеркәсібі комитеттерінің, "Атамекен" ҰКП, Alageum Electric компаниялар тобының, Petro mining қауымдастығының мүшелері және басқалар бар.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салық жүйесі теңгерімді болуға тиіс екенін атап көрсетті. Бұл нақты нұсқау болды. Ол бизнес пен мемлекеттің мүдделерін ескеруі керек. Бүгін біз басты мәселелердің бірін талқылау үшін жиналдық, бұл қосылған құн салығына қатысты. Біз өңірлерде Экономика, Қаржы министрліктерінің, "Атамекен" палатасының өкілдері қатысатын көптеген кездесу өткіземіз. Жұмыс үлкен және жан-жақты. Біздің мекен-жайымызға келіп түскен барлық ұсыныс тыңдалады. Біз бірыңғай ұстанымды қалыптастырамыз, өйткені Салық кодексі өте қарапайым, түсінікті, нақты болуға тиіс", — деп атап өтті Мәди Такиев.

ҚҚС – бұл бюджетті толықтырудың негізгі көздерінің бірі. ҚҚС мөлшерлемесін арттыру және саралау бюджеттің мұнайдан түсетін өзгермелі кірістеріне тәуелділігін азайтуға және мемлекеттік басым жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин салық реформасы шеңберінде ҚҚС сараланған мөлшерлемелерін белгілеу жөніндегі үкіметтің ұсыныстарын айтты.

"Біз мынадай тетікті қарастыруды ұсынамыз: жалпы белгіленген ҚҚС мөлшерлемесі 16 пайыз, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді ҚҚС-тан толық босату, ал бірқатар сала үшін – 10 пайыз мөлшеріндегі аралық мөлшерлеме. Осылайша, үкімет ұсынып отырған мөлшерлемелерді саралау: 16 пайыз, 10 пайыз, 0 пайыз және босату", — деп түсіндірді Азамат Әмрин.

Қазіргі уақытта аграрлық секторда шаруа қожалықтары ҚҚС төлемейтіні, ал заңды тұлғалар қолда бар жеңілдіктерге байланысты бюджетке төлеуге тиісті салықтардың тек 30 пайызын төлейтіні атап өтілді. Жаңа тетіктер бойынша олардың ешқайсысы ҚҚС төлемейтін болады. Бұл қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін (картоп, қызанақ, пияз және басқалары) бәсекеге қабілетті етуге мүмкіндік береді. 10 пайыз мөлшерлеме қолданылатын салалардың түрлерін бизнес өкілдері әлі де талқылап жатыр.

Сондай-ақ кездесуде жеңілдетілген декларация мен бөлшек салық режимін, оның мәні – кіріс шегін жылына 600 мың АЕК (2 млрд 359 млн теңге) мөлшерінде сақтай отырып, қайта қарау бойынша ұсыныстар айтылды. Негізгі өзгеріс – бұл режимді тек B2C сегментінде (бөлшек саудада) жүзеге асыру. Жұмысшылар саны бойынша шектеуді алып тастау ұсынылды. Кәсіпкердің сатудан түскен табысы жылына 100 млн теңгеден асатын болса, салық салынатын табысты еңбекақы қоры (еңбекақы төлеу қоры) сомасына азайту мүмкіндігі көзделген. Осылайша, 100 млн теңге шегі жалақыны ақтауға ынталандыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте бөлшек салықтың 4 пайыз мөлшерлемесі (мәслихаттардың 50 пайызға төмендету мүмкіндігімен) сақталады.

Салық реформасын іске асыру кезінде ел бюджетіне түсетін салық түсімдері жыл сайын 4-5 трлн теңгеге артады деп күтіледі. Бұл қаражат Ұлттық қорға тәуелділікті азайтуға, мемлекеттік қарыз деңгейін төмендету және инвестициялық жобаларды несиелеуге, даму институттарын нығайтуға, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты, жылу-энергетика жүйесін жаңғыртуға қосымша ресурстарды бағыттауға көмектеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2219555-qazaqstan-ukimeti-qqs-molsherin-16-paiyz-denggeiinde-bekitudi-usyndy/

Жарияланымға реакцияңыз?

Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

jitsu gif