Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар

Опубликовано:

Осы аптада еліміздің бірқатар облысында әкімдіктерге қарасты басқармалардың басшылары ауысты. Бұдан бөлек, ұлттық компанияларда да кадрлық ауыс-түйіс орын алып, "Нұр Отан" партиясының Орталық аппаратында, өңірлік филиалында тағайындаулар жүргізілді.

Қаржы министрлігінде де кадрлық өзгерістер болды. ҚазАқпарат апта ішінде орын алған осы және өзге де тағайындауларға шолу жасайды.Қаржы министрінің бұйрығымен Жұмаділдаев Ануар Қаржылық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Ал оның орынбасарлығына Мараджапов Бахтиёр Иркинұлы кірісті. Сондай-ақ осы министрлікке қарасты Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары болып Қыпшақов Арғын тағайындалды.Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне Әбдірайымов Ғалымжан кіріссе, осы облыс әкімі аппаратының басшысы болып Дүйсембінов Сұлтан тағайындалды.Сонымен қатар Қанат Айтқұлов Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы болып тағайындалды. Ол бұған дейін Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Алматы облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің басшысы қызметін атқарған.Солтүстік Қазақстан облысының әкімі өкімімен СҚО кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы болып Керімбек Айдын Жанұзақұлы тағайындалды. Ол 2011 жылдың сәуір айынан бастап осы тағайындауға дейін республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау бойынша есеп комитетінің әкімшілік-қаржылық бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

Ұлттық компанияларда да кадрлық ауыс-түйіс орын алып, "Нұр Отан" партиясының Орталық аппаратында, өңірлік филиалында тағайындаулар жүргізілді

Қызылорда облысы әкімінің өкімімен облыс әкімінің аппарат басшысының құқық қорғау органдарымен жұмыс істеу және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  бойынша орынбасары қызметіне Алпысбаев Ғазымбек тағайындалды. Бұған дейін Қызылорда облыстық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары, Ішкі істер министрлігінің қоғамдық қауіпсіздік департаментінің бастығы, Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. Осыған дейін облыс әкімінің кеңесшісі қызметін атқарып келді.Жаңадан құрылған Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы лауазымына Мұхамедов Бағдат тағайындалды. Бұған дейін, Жер ресурстарын басқару комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық жер инспекциясының басшысы қызметін атқарып келді.Жаңадан құрылған Қазақстан президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы лауазымына Назаров Ерлан тағайындалды.2013 жылдан осы кезге дейін Қызылорда облысының сыртқы байланыстар басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі өкімімен Күмісбек Орашов облыстық құрылыс басқармасының басшысы болып тағайындалды. 2015 жылғы қаңтардан бастап облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы басшысының орынбасары болып еңбек етіп келді.Шымкент қаласындағы Қаратау ауданының әкімі болып Ғалым Ысмайылов тағайындалды. Түркістан қаласы әкімінің орынбасары, екі рет Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған."Нұр Отан" партиясы орталық аппаратының басшысы болып Жанат Қожахметов тағайындалды. Осы лауазымға тағайындалғанға дейін "Нұр Отан" партиясы төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі қызметін атқарды. "Құрмет" орденімен марапатталған.Бақыт Қайырбеков Шәкен Айманов  атындағы "Қазақфильм" киностудиясының президенті болып тағайындалды. Бақыт Қайырбеков - ақын, сценарист, кинорежиссер, 10 поэтикалық жинақтың және көптеген деректі фильмдердің авторы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/352549-kazakstandagy-zhana-kadrlyk-tagajyndaular/

pixel