Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рахат Әлиевке қандай айыптар тағылды?

Опубликовано:

Бүгін Австрия түрмесінде өз-өзіне қол жұмсаған Рахат Әлиевке осыған дейін қандай айыптаулар тағылған еді?

 

Медицина және экономика ғылымдарының докторы, экс генерал-майор Әлиев 2008 жылы өзіне берілген барлық атақ-даңқ пен жоғары мәнсаптан толық айырылған болатын деп жазады Qamshy.kz.

1. 2007 жылдың  ақпанында Рахат Мұхтарұлының есімі еліміздегі және шет елдік БАҚ беттерінде жиі айтылатын болды. "Нұрбанктің" ірі акционерлерінің бірі Рахат Әлиевке аталмыш банктің сол кездегі басшыларына қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, Әбілмәжін Ғылымов ("Нұрбанк" төрағасы) пен Жолдас Темірәлиевті (оның орынбасары) қала сыртына шығарып, күш қолданған.

Ғылымов пен Темірәлиевалардан аса ірі көлемде ақша талап етіп, бар дүние-мүліктерін Әлиевтің атына аударуды талап еткен. Көрсетілген қысымға шыдамаған екеуінің келісімінен кейін жөндеріне қоя берген.

2. 2007 жылдың 9 ақпанында Әлиев Ғылымов пен Темірәлиевті қайтадан ұрлап кетеді. Бұл жолы Темірәлиев пен Ғылымов із-түссіз жоғалды.

3. 2007 жылы  мамыр айының аяқ шенінде  ұйымдасқан қылмыстық топ құру, адам ұрлығын ұйымдастыру, қару қолдану, денесіне әр түрлі зақым келтіру және  т.б.  айыптаулар бойынша сот Әлиевті кінәлі деп табады.

4. 2007 жылдың 28 мамырында Бас прокуратураның  санкциясымен қазақстандық мамандар тобы Әлиевті елге қайтару үшін Австрияға (Вена) аттанады

5. 2008 жылдың 15-қаңтарында Алматы қаласы, Алмалы ауданаралық соты Әлиевтің сыртынан сот процесін жүргізіп, 40 жылға бас бостандығынан айыруға және дүние-мүлкін тәркілеуге шешім шығарады.

6. Дәл осы уақытта Әлиев Австрия үкіметінен саяси пана сұрайды. Ал Әлиевтің жұбайы Дариға Назарбаева сот үкімінің шығуын күтпей, күйеуімен ажырасып кетеді.

7. 2008 жылдың 20 сәуірінде президент Нұрсұлтан Назарбаевтің шешімімен Әлиевтің барлық наградалары күшін жояды. Сол жылы Австрия соты Әлиевті қамауға алып, кейін 1 миллион евро кепілдікпен үй қамаққа алады.

8. 2015 жылдың 24 ақпанында Австрия түрмесінде қамауда отырған Рахат Шораз-Әлиевтің  өлі денесі табылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/356749-rahat-elievke-kandaj-ajyptar-tagyldy/

pixel