Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Уәлихан Қайсаров емтиханнан не себепті құлап қалғанын түсіндірді

Жарияланған күні:

Президент болғысы келетіндер шетінен сынақтан сүрініп жатыр. Қазақ тілінен емтихан тапсырған үміткердің екеуі ғана "ана тілімізді еркін меңгерген" деген анықтама алған деп хабарлайды КТК арнасы.

Ал бұрынғы сенатор Уәлихан Қайсаровтың Орталық сайлау комиссиясына келуі қып-қызыл дауға айналды. Лингвистикалық комиссия төрағасымен біраз салғыласқан Қайсаров ақыры қазақ тілін жетік білмейді деп танылып сайлаудан шығып қалды.

Емтихан тапсыратын бөлмеде қағаз, қалам және емтиханның сұрақтары ғана бар. Ұялы телефон немесе шпаргалка пайдалануға мүлдем рұқсат жоқ.

Осымен екінші рет президент болуға бел байлаған 49 жастағы Уәлихан Қайсаров тура мектеп оқушысы сынды қазақ тілінен сынақ тапсырды.

Экс-сенаторға үш сұрақ қойылды. Алдымен "ТМД: тарихы мен бүгіні" деген тақырыпта шығарма жазды. Одан кейін қазақ әдебиеті классиктерінің еңбектерінен үзінді оқыды. Үшінші тапсырма бойынша, "Отан үшін отқа түс – күймейсің" деген сөздің мағынасын ашып айтып беруі тиіс еді. Бірақ, Қайсаров бұның бірін де қатырмады.

"Бұл ақылға сия ма? Тыныс белгісінен - 11 қате, стильдіктен - 7 қате. Бұрын 40-28 қате жіберген екен, бұл жолы 23 қате",- дейді лингвистикалық комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбеков. 

Қайсаровтың қазақ тілі де ақсап тұр дейді комиссия төрағасы. "Орыс мектебінде оқыдым" деген үміткер бұл кемшілігі үшін Жолдасбеков мырзаның өзін кіналағандай көрінді.

Жолдасбеков мырза маған былай деп айтты: өткен жолы өтпей қалған кезде, сол комиссиядан кейін маған келіп, неге ақыл сұрамайсың деді. Қалай ақыл сұраймын?

"Мырзатайдың өзіне айттым, сіз ол кезде билікте болған адамсыз. Қазір ақсақал болып жүрсіз. Сол кезде қазақ мектептерін жапқан кімдер? Неге күрескен жоқсыз дедім", - дейді Қайсаров.

Уәлихан Қайсаров 2011 жылы да сайлауға қатыспақ болып, өзін өзі ұсынған. Ол кезде де, дәл осы мемлекеттік тіл емтиханынан сүрінген болатын.

"Жолдасбеков мырза маған былай деп айтты: өткен жолы өтпей қалған кезде, сол комиссиядан кейін маған келіп, неге ақыл сұрамайсың деді. Қалай ақыл сұраймын сіз Ғани Қасымовты өткізіп жіберген кезде деп. Осы сөздерім ұнамай қалған сияқты", - дейді президенттіктен үміткер Уәлихан Қайсаров. 

Қайсаровтың сайлауға қатысу үшін жазған арызы да біраз шу шығарды. Өмірбаянында өрескел қате жіберіпті. Тіпті өзге елдің азаматтығында тұрамын" деп жазған.

"Қазақстанда тұрасыз ба, тұрмайсыз ба деген сияқты көрінді маған. Әрине, тұрамын. Ол техникалық қателер болуы әбден мүмкін. Өйткені, мынадай үлкен саяси сайыс, додаға түскенде жүйкең қозғалады. Адамбыз ғой. Сондықтан оған онша көңіл бөлудің қажеті жоқ", - дейді  президенттіктен үміткер Уәлихан Қайсаров.

Қайсаровқа қарағанда Коммунистер партиясының саяси додаға қосқан кандидатының жолы болды. Алты-ақ қате жіберген Тұрғын Сыздықов қазақша еркін сайрайды деп танылып, енді 93 мың қол жинауға кірісті.

Қалғандары арасында жұмыссызы, кәсіпкері, әскериі бар, бәрі алғашқы сыннан жаппай құлап қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/359103-uelihan-kajsarov-emtihannan-ne-sebepti-kylap-kalganyn-tysindirdi/