Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан Венгрия азаматтары үшін визасыз режим енгізеді

Опубликовано:

Қазақстан Венгрия азаматтары үшін визасыз режим енгізеді. Бұл туралы Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан мәлімдеді.

"Мен Қазақстан премьер-министрінен басқа президент Нұрсұлтан Назарбаевпен де кездескенімді айтқым келеді. Біз жаңа визалық режим енгізу туралы, Қазақстан Венгрия азаматтары үшін визасыз режим енгізетіні туралы келісімге келдік, өз тарапынан Венгрия да шенген келісім аясында Қазақстан азаматтары үшін визалық жеңілдіктер енгізу мәселесін қарастырады", - деді Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан.

Оның айтуынша, бұл өзара ынтымақтастық үшін қосымша мүмкіндіктер береді.

"Біз авиация бойынша келісімге келдік. Ол Қазақстан мен Венгрияның ірі қалаларының арасында авиақатынас орнатуға керек. Екі жақтан 20 млн-нан доллар қаржы қосып қор құру туралы уағдаластық. Ол екі жақтың бизнес қауымдастығына көмекке керек. Біздің министр қазір маған Венгрияда капиталы 50 млн доллар болатын қор құрылғанын, ол қазақстандық серіктестермен ынтымақтастығын қолдауға керек. Сондай-ақ, Азия даму банкіне кіру туралы шешімге келдік, ол министрлер кабинетінің келесі отырысында рәсімделетін болды", - деді ол.

Еске салсақ, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылғы 14 маусымда Бурабайда өткен шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында 10 елдің инвесторлары үшін бір жақты түрде визасыз режим қабылдайтынын мәлім еткенді. Кейін Қазақстан үкіметі АҚШ, Нидерланды, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Малайзия, БАӘ, Корея және Жапония азаматтары үшін 2014 жылғы 15 шілдеден бастап 2015 жылғы 15 шілдеге дейін 15 тәулікке визасыз режим қабылдау туралы шешім қабылдаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/362543-kazakstan-vengriya-azamattary-yshin-vizasyz-rezhim-engizedi/