jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Жаңаөзен қаласына жаңа әкім тағайындалды

    Айбек Қосуақов
    Айбек Қосуақов. Фото: facebook.com/AkimatMangystau

    Айбек Қосуақов Жаңаөзен қаласының әкімі болып тағайындалды. Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаттарына басқа жұмысқа ауысқан Мақсат Ибагаровтың орнына Қосуақовтың кандидатурасын ұсынған. Бұл туралы өңірлік әкімдік Facebook парақшасында хабарлады.

    Айбек Қосуақов Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік университетін "Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау" мамандығы бойынша және Қонаев атындағы көлік және құқық университетін "Экономист" мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1997 жылы "Қаражанбасмұнай" компаниясында оператор ретінде бастаған.

    2001-2004 жылдары жеке кәсіпкерлікпен айналысқан. 2004-2006 жылдары "Жазық" АҚ атқарушы директоры болды. 2007 жылдан 2020 жылға дейін "Таушық ауыл шаруашылығы" компаниясының басқарма төрағасы болып жұмыс істеді.

    2020 жылдың қаңтар айынан қазіргі уақытқа дейін Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі қызметін атқарды.

    Депутаттар Маңғыстау облысының әкімі ұсынған кандидатураны қолдап, жаңа әкімнің жұмысына сәттілік тіледі.

    Нұрлан Ноғаев өз кезегінде жаңа әкімге Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

    Жаңаөзен қаласына жаңа әкім тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.