jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Ұлттық экономика министрінің інісі "Қазатомөнеркәсіпте" басшылық қызметке тағайындалды

    Ермек Қуантыров
    Ермек Қуантыров. Фото: eec.eaeunion.org

    Ермек Қуантыров "Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық атом компаниясы" АҚ-ның құқықтық сүйемелдеу және сатып алу жөніндегі бас директоры болып тағайындалды. Бұл туралы ұлттық атом компаниясы ресми сайтында хабарлады.

    "Ермек Қуантыров 2023 жылғы 5 шілдеден бастап "Қазатомөнеркәсіптің" құқықтық сүйемелдеу және сатып алу жөніндегі бас директоры лауазымына тағайындалды.

    Қуантыров мырзаның функционалдық міндеттеріне құқықтық қамтамасыз ету процесіне басшылық жасау, халықаралық-құқықтық ынтымақтастық мәселелеріне жетекшілік ету, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі қызметті ұйымдастыру, сондай-ақ кешенді басқаруды жүзеге асыру және сатып алу процестері мен компанияның корпоративтік басқаруына басшылық жасау кіреді", - делінген хабарламада.

    "Қазатомөнеркәсіп" баспасөз қызметінің мәліметінше, Ермек Қуантыров президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі, сонымен қатар Колумбия университетінің құқық магистрі (LL.M.) дәрежесіне ие.

    Сондай-ақ ол Әділет министрлігінде әр түрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеген, соның ішінде Ұлттық зияткерлік меншік институтын (Қазпатент) басқарған.

    "Қазатомөнеркәсіптің" құқықтық сүйемелдеу және сатып алу жөніндегі бас директоры лауазымына тағайындалғанға дейін Еуразиялық экономикалық комиссияның Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры қызметін атқарған.

    Айта кетейік, Ермек Қуантыров - Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың туған інісі.

    Ұлттық экономика министрінің інісі "Қазатомөнеркәсіпте" басшылық қызметке тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.